|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Свердлов жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Свердловская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
10
Қыркүйек
2025
|
Бүгін Президент Жолдауын талқылауға арналған жиында өңірде білім саласын цифрландыру, ЖИ технологияларын енгізу барысы сөз болды.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру бастамасы Жолдаудың ең елеулі жаңалығы болды. Бұл – осы салаға мықтап ден қойылады деген сөз. Ал оның жарқын келешегі жас буын, жаңа ұрпақтың қолында. Сондықтан маман даярлау ісінің маңызы барған сайын арта түспек. Облыста ЖИ бағытындағы кадрлық әлеуетті көтеруге басымдық беріледі. Өйткені болашақ инвестициялар мен инновациялардың қайнар көзі – цифрлық технология тілін меңгерген бәсекеге қабілетті жастар. Бұл жөнінде жиында сөз алған спикерлер қадау-қадау пікірлер айтты.

Ақпарат көзі: Қостанай таңы газеті https://kostanaytany.kz/bilim-salasyn-cifrlandyrw-qostanaj-it-kolledzhi-qurylady/
|
10
Қыркүйек
2025
|
Мемлекет басшысы: "жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастыру мектеп орындығынан басталуы тиіс"
"Экономиканы цифрлық ауқымды жаңғырту адами капиталды дамытуға жаңа талаптар қояды. Бұл жерде білімге ерекше рөл беріледі. "Келешек мектебі" ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і жұмыс істейді. Қалған мектептердің құрылысы үш ай ішінде аяқталуы керек. Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын тез өзгертуде. Әлемде жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдылары бар мамандарға сұраныс артып келеді. Сондықтан менің тапсырмам бойынша 100 мыңға жуық студентті жоғары технологиялық жобаларға тартуға арналған al-Sana бағдарламасы іске қосылды. Бірақ жасанды интеллект саласындағы құзыреттілікті қалыптастыру әлдеқайда ертерек басталуы керек-тіпті мектеп орындығынан. Осыған байланысты бірқатар бастамаларды іске асыру қажет. Ең алдымен, мектеп оқушылары үшін жасанды интеллект негіздері бойынша бағдарлама мен оқу материалдарын дайындау қажет. Сондай-ақ мұғалімдердің жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдыларын қалыптастыру қажет. Қашықтықтан оқыту және жасанды интеллект негізінде Qazaq digital mektebi шағын жинақты мектебінің моделін әзірлеу қажет. Мұндай платформа ауыл оқушыларына сапалы оқу материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жеке капиталды тарта отырып, балаларды дамыту орталықтарын салу бойынша елорданың тәжірибесін масштабтау қажет. Көптеген кәсіпкерлер дәл осы мәселеде көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдіруде, әкімдер оларды осы жобаларды іске асыруға белсенді түрде тартуы керек".

|
23
Сәуір
2025
|
Мектебіміздің оқушылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуда. Акция аясында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар мектеп аумағына ағаш отырғызуға қатысты. Акцияның негізгі мақсаты: оқушыларды табиғатты аялай білуге, тазалыққа тәрбиелеу

|
23
Сәуір
2025
|
Үкімет қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке – «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» белгіленді. «Кітапқа деген сүйіспеншілік – тамаша қасиет. Көптеген елдер оқу мен кітапқа арналған ұлттық күнді атап өтеді....Ең алдымен жастардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін оятуымыз керек. «Осылай ғана кітап оқитын ел боламыз», - деді Елбасы Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде. Мектепте «Республикалық ұлттық кітап күні» өтті.

|
22
Сәуір
2025
|

Мектеп үйірмелері білім алушылардың жан-жақты дамуында маңызды рөл атқарады, оларға қызығушылықтарды зерттеуге, таланттарды дамытуға және оқу бағдарламасынан тыс құнды дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
"Идеялар кеудесі" сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмесі
Мақсаты: әр оқушының шығармашылық әлеуетін дамыту әр түрлі сәндік – қолданбалы өнер саласында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу

"Жас турист" үйірмесі
Мақсаты: білім алушыларда өз денсаулығына саналы және ұқыпты қарауды қалыптастыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, табиғатқа, өз отбасына деген сүйіспеншілікті дамытуға және қоршаған ортаға құрметпен қарауға ықпал ету.

|
17
Сәуір
2025
|
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың қазақстандық ата-аналарға үндеуі

1 қазанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Алтынсарин ауданының білім бөлімінің Свердлов жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 5-6 сыныптарға арналған "Алтын сақа" республикалық олимпиадасының мектеп кезеңі өтті. Мақсаты-оқушылардың математикаға деген қызығушылығын қалыптастыру және ғылымға, жаратылыстануға баулу. Олимпиадаға 6 сынып оқушысы Деркач Ксения қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Ксения 3 орын алды. Құттықтаймыз!














