Свердлов жалпы білім беретін мектебінде әр дүйсенбі сайын салтанатты сап түзеу өткізіледі. Іс-шара барысында гимн орындалып, аптаның қорытындылары жарияланады, сондай-ақ үздік шыққан оқушылар марапатталады. Бұл сап түзеу оқушылардың патриоттық сезімін, тәртібін нығайтып, олардың жетістіктерін ынталандыруға ықпал етеді







