Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет. Әрбір білім беру ұйымының міндеті-өзіне ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестіретін, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсете алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде біз келесі нормативтік құжаттарды басшылыққа аламыз:
2022-2023 оқу жылына арналған орыс тілінде оқытатын 1-11 сыныптарға арналған жұмыс оқу жоспары
2022-2023 оқу жылына арналған орыс тілінде оқытатын 10-11 сыныптарға арналған жұмыс оқу жоспары
2022-2023 оқу жылына арналған шағын орталық пен мектепалды сыныптың жұмыс оқу жоспары