2022 жылғы 21-22 қазанда Астанада "Қазақстандағы балаларды оқыту, тәрбиелеу, сүю: балалар жылы"тақырыбында балалар жылына орайластырылған XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны "Назарбаев Зияткерлік мектептері"дербес білім беру ұйымы ұйымдастырды.
Халықаралық білім беру кеңістігінде танылған сарапшылардың қатысуымен жыл сайынғы Конференция Білім беру саласындағы заманауи үрдістерді талқылауға арналған платформа болып табылады, Қазақстандағы білім беру өзгерістерін ілгерілетуде көшбасшыларды, саясаткерлерді, практиктерді және зерттеушілерді біріктіреді.
Конференция форматы пленарлық отырыстарда сөз сөйлеуді, панельдік пікірталастар өткізуді, секциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, мастер – кластар, постер секциялар және т. б.
Конференцияға шақырылғандардың арасында жаңартылған білім беру мазмұнын сынақтан өткізуге қатысқан пилоттық мектептердің директорлары да болды