Свердлов ЖББМ-де 5-6 сынып оқушыларымен " Сандықтағы идея" үйірмесі жүргізіледі. Әзірленген жоспарға сәйкес үйірме аптасына екі рет әр түрлі техникада сурет салу, қағаз аппликациялары, киізбен жұмыс, макрамамен тоқу және гофрленген қағазбен жұмыс жасау сияқты жұмыстарды қолдана отырып жүргізіледі. Оқушылар осы үйірмеге үлкен ықыласпен қатысты.











