22-26 қараша айында шағын орталық пен МАД-тобының тәрбиешілері Денсаулық апталығын өткізді. Балалармен «Зиянды пайдалы», « Жаттығу жасау не үшін қажет», «Зиянды және пайдалы әдеттер» тақырыбында әңгімелер өткізілді. Балалардың салауатты өмір салты туралы білімдерін бекіту үшін «Зиянды – пайдалы», «Жақсы немесе жаман» дидактикалық ойындар өткізілді. Ата-аналармен жұмыс барысында «Деніңіз сау болсын» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Апта соңында спорттық іс-шара өткізілді, оған 2 команда қатысты. Достық жеңді. Барлық балалар белсенді және ерекше көңіл-күйде болды. Сайыс соңында барлық балалар медальдармен марапатталды.











