25-29 казан айында шағын орталық пен МАД-тобында «Алтын күз» апталығы өткізілді. Балаларға күз туралы әңгімелер ұйымдастырылып, иллюстрациялар көрсетілді. Балалар тәрбиешілермен бірге серуендеу кезінде жиналған табиғи материалдан қолөнер жасады. Сонымен қатар ата-аналар да қатысты, олар балаларымен бірге «Алтын күз» өлеңдерін дайындап, «Мен күзді бояймын» тақырыбы бойынша суреттер салды. Апта соңында тәрбиешілер дайындаған балаларға арналған ойын-сауық іс-шаралар өткізілді. Балалар апта бойы өткізілген іс-шараға белсенді қатысты. Апта жемісті өтті.











