15-19 қараша аралығында шағын орталық пен МАД- тобының тәрбиешілері «Бізге қонаққа ертегі келді» атты тақырыптық апталық өткізді. Жалпы апталық ертегілер мен сүйікті ертегі кейіпкерлеріне арналды. Балалармен қызықты ертегілерді тамашалау, дидактикалық ойындар өткізілді. Тәрбиешілер балалармен бірге «Кітапқа көмектесейік» атты акциясын өткізді. Балаларға ата-аналарымен бірге өз қолдарымен «Театр өз қолымызбен» атты қолөнер жасау үшін үй тапсырмасы берілді. Сондай-ақ, әр балаға өзінің сүйікті ертегісін айтуға мүмкіндік берілді. Тәрбиешілер балалар үшін тосынсый ретінде ойын-сауық дайындады, онда барлық тәрбиешілер ертегі кейіпкерінің рөлін сомдады. Балалар өздерінің алған білімдері үшін сыйлықтар алды.











