Свердлов ЖББМ шағын орталығы мен МАД-тобында 2023 жылғы 16-20 қазан аралығында «Алтын күз» тақырыптық апталығы өтті. Мақсаты: балалардың күздің жыл уақыты, күзгі құбылыстар, ересектердің күздегі еңбегі туралы түсініктерін кеңейту; күзгі айдың атауларын қайталау. Табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың сұлулығын байқау, ауа райын бақылау дағдыларын дамыту. Тәрбиеленушілердің эстетикалық талғамын, қоршаған ортаға ұқыпты және саналы көзқарасын дамыту.











