2021 жылдың 27 желтоқсанында 8-11 сынып оқушылары арасында Алтынсарин ауданы Свердловка ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы Сұлтан Арман Сәрсембайұлымен және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту секторының бұрынғы бас маманы Қорғанбеков Ержан Маратұлымен кездесу ұйымдастырылды. Мамандар сөз сөйлеп, қызметтің негізгі бағыттарына, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктеріне тоқталды. Олар кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктерінің мысалдарын көрсетті, мемлекеттік қызметтегі жұмыс қаншалықты қызықты және болашағы зор екенін көрсетті.