Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында (2026 жылғы 5 қаңтар) 2025 жылдың қорытындыларын атап өтіп, 2026 жылға арналған негізгі міндеттерді айқындады. Сұхбатта экономикалық даму мен инфляция, салық реформасы, энергетика және ТКШ салаларын жаңғырту, транзит пен логистиканы дамыту, ауыл шаруашылығы мен туризм мәселелері қамтылған. Сондай-ақ 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту жылы деп жарияланып, цифрлық технологияларды енгізу және кадр даярлау бағыттарына ерекше назар аударылған.

Дереккөз: Akorda.kz










