2 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін Свердлов жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі өтуде. 2 желтоқсанда онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Оқушылар мен мұғалімдерге ана тілінде қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылып, шара білім мен ынтымақтастық рухында өтті.











