1 желтоқсан күні Свердлов жалпы білім беретін мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті мен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі бірлесіп ұйымдастырған республикалық акция аясында «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойынының мектепішілік кезеңі өтті. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың қаржылық алаяқтық түрлері (қаржылық пирамидалар, дропперлік, цифрлық гигиена және т.б.) туралы сауаттылығын арттыру. Қатысушылар: 10–11 сынып оқушылары, барлығы 16 адам. Оқушылар қаржылық қауіптерді анықтауға, сын тұрғысынан ойлауға және назар қою қабілетін дамытуға бағытталған ойын тапсырмаларын қызығушылықпен орындады. Мектепішілік кезеңнің жеңімпаздары аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде жалғасатын сайысқа қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау жоспарланған.











