"Инновациялық білім беру" қоғамдық бірлестігі жүзеге асыратын жобаны іске асыру шеңберінде Свердлов жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық ұжыммен ақпараттық-профилактикалық әңгіме өткізілді.
Спикер ретінде ІІМ кафедрасының доценті, подполковник Мырзабек Түйғанов, дін, экстремизм және терроризм мәселелері жөніндегі маман сөз сөйледі.
Кездесу барысында Діни экстремизмнің алдын алу, толеранттылықты қалыптастыру және жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша өзекті тақырыптар талқыланды.
Мұндай іс-шаралар педагогтердің құқықтық және діни сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелерінде мектеп пен қоғамның өзара іс-қимылын нығайтады.











