Бүгін Президент Жолдауын талқылауға арналған жиында өңірде білім саласын цифрландыру, ЖИ технологияларын енгізу барысы сөз болды.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру бастамасы Жолдаудың ең елеулі жаңалығы болды. Бұл – осы салаға мықтап ден қойылады деген сөз. Ал оның жарқын келешегі жас буын, жаңа ұрпақтың қолында. Сондықтан маман даярлау ісінің маңызы барған сайын арта түспек. Облыста ЖИ бағытындағы кадрлық әлеуетті көтеруге басымдық беріледі. Өйткені болашақ инвестициялар мен инновациялардың қайнар көзі – цифрлық технология тілін меңгерген бәсекеге қабілетті жастар. Бұл жөнінде жиында сөз алған спикерлер қадау-қадау пікірлер айтты.
Ақпарат көзі: Қостанай таңы газеті https://kostanaytany.kz/bilim-salasyn-cifrlandyrw-qostanaj-it-kolledzhi-qurylady/