1 қазанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Алтынсарин ауданының білім бөлімінің Свердлов жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 5-6 сыныптарға арналған "Алтын сақа" республикалық олимпиадасының мектеп кезеңі өтті. Мақсаты-оқушылардың математикаға деген қызығушылығын қалыптастыру және ғылымға, жаратылыстануға баулу. Олимпиадаға 6 сынып оқушысы Деркач Ксения қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Ксения 3 орын алды. Құттықтаймыз!











