Мектепте жасөспірімдермен кездесу, жоспарлы профилактикалық әңгімелер өткізу – учаскелік инспектор мен мектептің әлеуметтік педагогы Г.Қ.Бақажанованың бірлескен жұмысының құрамдас бөлігі. Учаскелік инспектор Алимов Д.С. 2023 жылдың 22 қарашасында 6-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Дидар Садықұлы өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікке тоқталды. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді.
Сондай-ақ көшеде, қоғамдық орындарда, жаппай демалыс орындарында өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауды, коменданттық сағатты сақтауды ұмытпауды қатаң тапсырды. Әлеуметтік педагог Г.Қ.Бақажанова мектеп оқушыларының назарына алкогольдік ішімдік пен темекінің зияны туралы айтып, бұл тәуелділіктердің неліктен қауіпті екенін түсіндірді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Свердлов жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Свердловская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Свердлов жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Свердловская общеобразовательная школа отдела образования Алтынсаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Мектеп туралы
Мектептің миссиясы: Біздің мектеп әрбір оқушыға оның жеке қабілеттеріне сәйкес сапалы білім беруді және әлеуметтік бейімделген тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз ететін ауылдың білім беру орталығы болуы тиіс.
Іздеуді оқып-үйрену
Оқу процесі-оқу – тәрбие қызметін ұйымдастыру жүйесі, оның негізінде-оқыту мен оқытудың органикалық бірлігі мен өзара байланысы; оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Тәрбие жұмысы
Тәрбие мен оқыту білім алушылардың зияткерлік, патриоттық, рухани-адамгершілік және дене бітімін дамытуды қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық және құндылық тәсілдерінде жүзеге асырылады.