15.11.2023 жылы "Свердлов жалпы білім беретін мектебі" КММ "оқырман мектебі" жобасы аясында мектеп кітапханашысы Р. М. Байдельдинова балаларға ұлттық валюта егеменді мемлекеттің атрибуттарының бірі болып табылатындығы, теңгенің тарихы, теңгенің дизайны 24 жыл ішінде қалай өзгергені туралы айтып берді. Мақсаты: балалардың Қазақстанның ұлттық валютасы туралы білімдерін кеңейту. Іс-шараға "Теңге: ұлттық валютаның ерекшеліктері"атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.











