2023 жылдың 11-15 қыркүйегі аралығында Свердлов ЖББМ шағын орталығында және МАД тобында «Денсаулық апталығы» өтті. Балалардың денсаулығын нығайтуға, балаларды салауатты өмір салтына баулуға, балаларға «денсаулық» ұғымын бекітуге бағытталған іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: физикалық қасиеттерді дамыту, балалардың қозғалыс тәжірибесін жинақтау және байыту, ойын қызметінің әртүрлі түрлеріне қызығушылықты дамыту, қозғалыс белсенділігін, дене шынықтыруға қызығушылық пен қажеттілікті қалыптастыру.











