Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында «Свердлов орта мектебі» КММ-де ән мен күйге шолу өтті. Мақсаты: жас ұрпақтың бойында әскери рәсімдер мен әскери дәстүрлерді сақтау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. 1-9 сынып оқушылары жауынгерлік әзірлікте өз шеберліктерін көрсетіп, патриоттық әнді орындаумен байқауға қатысушылар мен мұғалімдердің алдынан салтанатты түрде жүріп өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, барлық топтар тапсырманы тамаша орындады.











