15-ші ақпанда мектеп бітіруші түлектерге арналған аудандық кәсіптік бағдар беру форумы өтті, оған Қостанай облысының колледждері мен жоғары оқу орындарының өкілдері шақырылды. Свердлов ЖББМ 9 сынып оқушылары әлеуметтік педагог Г. К. Баклажанованың жетекшілігімен аталған іс-шараға қатысты. Оқу орындарының қызметкерлері оқуға түсу шарттары туралы айтып , балаларға жадынамалар мен брошюралар таратты.











