2023 жылдың 16-шы қаңтарында «Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ аудандық пікірсайыс турнирін өткізеді. Турнирдің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өз іс-әрекеттері үшін өзіне және қоғам алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру; елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту. Турнирде 7 команда қабылданды, Свердлов жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары Алексеенко Степан мен Сатыбалдин Идель қатысты. «Свердлов жалпы білім беретін мектебі» КММ 1-ші жалпы командалық орынға ие болды және облыстық пікірсайыс турнирінде Алтынсарин ауданының атынан қатысады. «Үздік спикер» номинациясы бойынша 9-шы сынып оқушысы Алексеенко Степан грамотамен марапатталды. Балалар пікірталас өткізуде үлкен тәжірибе алды.











