Балалар жылын мерекелеу аясында 3 және 4 сыныптар үшін сынып жетекшілерімен бірлесіп Қостанай қаласына сапар ұйымдастырылды. Оқушылар "ZODIAK cinema" кинотеатрына барып, "менің жолбарысым" фильмін тамашалады. Әрі қарай олар тарихи – өлкетану мұражайына: оқушылардың бойында азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту және танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін тәрбиелеу, оқушылардың ізденіс, зерттеу іс-әрекетінің практикалық дағдыларын игеру, қосымша оқыту құралдарымен білім беру процесін жетілдіру мақсаттарына қызмет ету мақсатында барды.











